Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 1 / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.
Мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, акын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының 1-томына «Қырык мысал» (1909, 1913, 1922), «Маса» (1911, 1922) жинақтары және «Қазақтың бас ақыны» (1913), «Әдебиет танытқыш» (1926) атты іргелі ғылыми зерттеулері еніп отыр. Жинақ бұтан дейін жарық көрген басылымдармен салыстырылып, кезінде кеткен мәтін ішіндегі кейбір қателер түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілді. А.Байтұрсынұлының шығармашылык мұрасы тәуелсіздік кезеңдегі қазақ ғылымына аса қажет екені айқын. Кітап ЖОО студенттері мен оқытушыларына, ғалым-зерттеушілерге, жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.
Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 2: оқу құралы / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.
Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды. Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазак тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп және жаратылыстану, т.б. ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар береді. «Оқу құралы» үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек», ал «Ғылым» атты екінші бөлім жеткіншектер ұғымына қажетті ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталған үшінші бөлім жаратылыстану тылсымдарымен таныстырады. Әдістемелік тәсілі мен тілі ұлттық дүниетанымға сәйкес келетіндіктен оқулық өте қызықты оқылады. Сондықтан «Оқу құралы» мектеп оқушылары мен оқытушыларына, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студент жастарға, жалпы оқырман қауымға арналады.
Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 3. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде білім алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын іргелі тілтанулық ғылыми құралдардың авторы. Бұл жинаққа «Тіл – құрал» оқулықтар мен методикалық құрал-дардың қолда бар мәтіндері түпнұсқамен қайта салыстырылып, толық ұсынылып отыр.
Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 4. Әліппелер мен мақалалар жинағы. (Төте жазудағы тұңғыш әліппелер және ұлттық баспасөздің негізін қалаған көсем сөздер) / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 382 б.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашкы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш окулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтын 4-томына Оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би (1926), Сауат ашқыш (1926) атты оқулықтары және өзекті мәселелерді көтерген түрлі тақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді. Жинақ мектеп оқытушыларына, ЖОО ұстаздары мен тіл мамандарына, жалпы кітапқа ынтызар оқырман қауымға арналған.
Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 5. "Ер Сайын", "23 жоқтау" ауыз әдеби мұрасы, көсемсөздері, табылған туындылары / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.
Ұлт ұстазы, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы Ахмет Байтұрсын- ұлының алты томдық шығармалар жинағының 5-томына «Ер Сайын» (Мәскеу, 1923), «23 жоқтау» (Мәскеу, 1926) атты ауыз әдеби мұрасы, әр жыл- дары жазған көсемсөздері, сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен табылған туындылары топтастырылды. Жинақ ЖОО оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докто- ранттарға, сондай-ақ Алаш мұрасына ынтызар қалың оқырманға арналған.a
Байтұрсынұлы, А. Шығармалары. Алты томдық шығармалар жинағы [Текст]. Т. 6. Мақалалар, хаттар. А. Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар / А. Байтұрсынұлы. – Алматы, 2013. – 384 с.
Бұл томға А.Байтұрсынұлының жинақтарға енбеген мақалалары, ресми құжаттары, эпистолярлық мұрасы, сондай-ақ ғұлама туралы замандастарының лебізі, Алаш арысының аяулы есімі ақталғаннан кейін жазылған танымдық және ғылыми зерттеу мақалалары топтастырылды. Жинақ филология, тарих, этнология, т.б. ғылым салаларына қызығушы ғалымдарға, ЖОО оқытушылары мен тәлімгерлеріне, жалпы қалың оқыр-манға арналған.
Байтұрсынұлы, А. Шығармалар жинағы. Бес т. [Текст]. 1 т. Өлендер, әдеби-ғылыми зерттеулер / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Алаш, 2003. – 408 б. – (Серия "Алаш мұрасы").
А.Байтұрсынұлының бес томдық шығармалар жинағының 1-томына «Қырық мысал», «Маса» өлеңдер кітабы және «Қазақтың бас ақыны», «Әдебиет танытқыш» атты әдеби-ғылыми зерттеулері еніп отыр. Бұл басылымның басты ерекшелігі – 1989, 1991 жылдары жарық көрген А.Байтұрсынұлының шығармалар жинақтарындағы «Қырық мысал» (1909, 1913, 1922), «Маса» (1911, 1922), «Қазақтың бас ақыны» (1913), «Әдебиет танытқыш» (1926) түпнұсқаларымен салыстырылып, өзгеріске ұшыраған сөйлемдер, алынып тасталған ғылыми талдаулар қайта қалпына келтіріліп, толықтырылды. Ірі мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, лингвист, түрколог ғалым, ақын, аудармашы А.Байтұрсынұлының бұл еңбектері ғалымдарға, қоғам қайраткерлеріне, ұстаздарға, студент жастар мен жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.
Байтұрсынұлы, А. Шығармалар жинағы. Бес т. [Текст]. 3 т. Тіл-құралы / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: "Алаш" баспасы, 2005. – 352 б. – (Серия "Алаш мұрасы").
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі. Бұл жинақта “Тіл-құрал” оқулықтары мен методикалық құралдардың колда бар басылымдарының мәтіндері толық ұсынылып отыр.
Байтұрсынұлы, А. Жан сөзімді кім түсінер? [Текст]: өлендер мен аудармалары / А. Байтұрсынұлы; А.Байтұрсынұлы ат.қор "Қазақстан". – Алматы, 1994. – 112 б.
Ахмет Байтұрсынұлынын, «Жан сөзімді кім түсінер?» деп аталатын бұл кітабында өзінін, көзі тірісінде жарық көрген «Маса», «Қырық мысал» сияқты өлендері мен аудармалары басылған кітаптардағы поэтикалық шығармалары топтастырылып беріліп отыр. Кітапты баспаға дайындаған Ахаңның немересі, А. Байтұрсынұлы атындағы қорды президенті Самырат Кәкішев.
10 Байтұрсынұлы, А. Казакча алифбеси [Текст] / А. Байтұрсынұлы. – Оренбург, 1914. – 112 б.
Ахмет Байтұрсыновтың 1914 жылы басылған бұл «Алифбеси» мазмұны ен өзген тілген жоқ.
Байтұрсынұлы, А. Жоқтау [Мәтін] / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы қор, 1993. – 93 б.
Ахмет Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарык, көрген, сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өндеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған. Кітапты баспаға дайындаған Ақаңнын, немересі А. Байтұрсынұлы атыңдағы Қордың президенті Самырат Кәкішев
Ахмет Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарык, көрген, сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өндеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған. Кітапты баспаға дайындаған Ақаңнын, немересі А. Байтұрсынұлы атыңдағы Қордың президенті Самырат Кәкішев
Байтұрсынұлы, А. Өлеңдер. Мысалдар. Мақалалар. Зерттеулер. Ахмет Байтұрсынұлы туралы естелік [Мәтін] / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Өлке, 2013. – 240 б. – (Жасөспірімдер кітапханасы).
«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен жарыққа шығып отырған бұл кітапқа Алаш азаматы Ахмет Байтұрсынұлының өзекжарды өлендері, макалалары және аударма мысалдары еніп отыр. Сонымен қатар Р.Сыздықова, Р.Нұрғалиев, С.Кәкішев сынды зиялы қауымның Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайында жазылған зерттеулері мен естелігі топтастырылған. Кітап мектеп, лицей окушыларына, орта және жоғары оку орындарының студенттеріне арналған.
Байтұрсынұлы, А. Маса: өлендер мен көсемсөздер / А. Байтұрсынұлы. – Алматы: Раритет, 2005. – 208 б. – (Серия"Алтын қор" кітапханасы).
Қазақтың жерін ғана алып қоймай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық озбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас қайратпен халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлындай ұлы тұлға бұрынғы-соңғы ұзақ тарихымызда сирек. Ұсынылып отырған кітаптағы Ұлт Ұстазының ешқашан ескірмес елшілдік сөздері қазір де көкейкесті. Жинақ бұған дейін жарық көрген басылымдармен салыстырылып, кезінде кеткен мәтіндік қателер түзетілді.