Интерактивный портал «Ахмет Әлемі – Мир Ахмета»

Библиография

Список произведений А. Байтурсынова и литература о нём из фонда Научной библиотеки Костанайского регионального университета имени Ахмета Байтурсынова

1. Алдамжар, З. Тарих [Текст]: пайым мен тағылым / З. Алдамжар.- Алматы: Арыс, 2002.- 288б.: [1] б.ил.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Алдамжардың жаңа кітабында тарих ғылымының философиялық негіздері, методологиялық жүйесі мен зерттеу әдістері хақында жаңаша пайымдаулар жасалған. Кеңес қоғамының өмір шындығы, ұлт-азаттық күресінің тарихы төркіні, әсіресе Исатай Тайманұлының азаттық туы астындағы ерлік жолдары ауқымды баяндалған. Ахмет Байтұрсынұлының рухани көсемдік тұлғасы және оның білім, ғылым, ұлттық тәлім-тәрбие арнасындағы ой-толғамдары бүгінгі тәуелсіз мемлекет, егеменді ел тағдырымен біртұтас болмыстық негізде сомдалған.

Еңбек қоғамтанушы ғалымдарға, аспиранттар мен студенттерге, сондай-ақ ел тағдырына бей-жай қарамайтын оқырман қауымға арналған.

2. Ахмедов, Ғ. Алаш "Алаш" болғанда [Текст]: естеліктер мен тарихи деректер / Ғ. Ахмедов. Алматы: Жалын, 1996.- 224 б.

Халқымыздың ұлттық санасының ояна бастауы, «Алаш» партиясы мен «Алаш-орда» үкіметінің құрылуы, автономиялы ұлт республикалары құрылған кездегі ұлт мәселесі, елді жаппай зорлап колхоздастыру, соның салдарынан шаруашылықтың күйзелуі, аштық, халықтың отырған жерінен босып, қырылуы, отызыншы жылдардағы жаппай репрессия, міне, осы мәселелер жөніндегі қарт қаламгердің көрген-білгендері; кейбір көпшілікке белгісіз тарихи аңыз-әңгімелер, сондай-ақ ертеде білім алған қазақ жастары, Ресей мемлекеттік Думасындағы қазақ депутаттары, белгілі адамдармен жүздесулер тәлімді, қызықты мәдіметтерге қанықтырады. Жинақтың тарихи-нанымдық сабақ сынды маңызы бүгінгі жас ұрпақ үшіп орасан зор деп білеміз.

3. Ахметов, Т.Ә. Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы [Текст]: педагогикалық университеттер мен институттардың студуденттерині арналған оқу құралы / Т.Ә. Ахметов; ҚРБ ҒМ, ҚМПИ.- Қостанай: ҚМПИ, 2015.- 240 б.

Оқу кұралда «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалык ойдын дамуы» атты курстың Типтік бағдарламасына сәйкес студенттерге арналған оқу-ақпараттық деректер ұсынылған. Құрастырылған дәрістер жинағында педагогика тарихына қатысты өз бетімен дайындалатын студенттерге көмек болатын материалдар жарияланған.

Оку құралда нақтыланған, жүйеленген тақырыптық мәтіндер, логикалык-құрылымдық кестелер, өз-өзін бақылауға арналған тапсырмалар, ағымдық бақылауға дайындық жасайтын тестік бақылаулар жүйесі үсынылған.

Құрастырылған оку қүралы болашақ мұғалімдерге, жоғары оку орындарынын окытушыларына, мектеп мұғалімдеріне арналған кітап.

4. Ахметов, Т.Ә. Ұлы дала ғуламаларының рухани-адамгершілік құндылық-тары (VI-XXғ.ғ.) [Текст] / Т.Ә. Ахметов; ҚР БҒМ, ҚМПИ.- Қостанай: ҚМПИ, 2016.- 275 б.

Зерттеу еңбек Ұлы далада орналасқан Қазақ еліндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікір- лердің қалыптасуы мен дамуының бір жарым мың жылдық тарихын қамтиды. Орта ғасырлардағы көне түркі ескерткіштерінде тасқа қашалып жазылған Мәңгілік Ел идеясынан бастау алған патриоттық ой-пікірлер Қорқыт ата кітабында, Ұлы ұстаз Әл- Фарабидің тағылымдарында, Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметінде» жал- ғасын табатындығы ғылыми дәлелденеді.

Сонымен қатар, автор Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннын, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың рухани-адамгершілік идеяларын жан-жакты талдап, ағартушылық қызметтерінін қырларын ашқан.

Автор ортағасырлық ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың ұрпақ тәрбиесіне байланысты ой-тұжырымдарын бүгінгі педагогика мен психология ғылымдарының талабы тұрғысынан зерттеп, ежелгі түркі дүниесіндегі тәлім-тәрбиелік тәжирибелердін қазақтың халықтың педагогикасымен тамырластығын дәлелдейді.

Кітап ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздарға, ата-аналарға, педагогика мен білім тарихын зерттеуші ғалымдарға арналған.

 5. Әбдіманов, Ө. "Қазақ газеті" [Текст] / Ө. Әбдіманов.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 168 б.

Қітапта Ахмет Байтұрсынов бас редактор болған «Қазақ» газетінің өмірге келу себептері архивтік материалдар арқылы сипатталады. Ахаң бастаған зиялы азаматтардың ұлттық баспасөз ашу жолындағы күресі жан-жақты қарастырылады. Өз кезінде қазақ өмірінің энциклопедиялық басылымына айналған, 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған апталық газеттің бүкіл болмысы толыққанды ашылған.

Кітап ғылыми зерттеушілерге, аспиранттар мен студенттерге және қазақ тарихы мен әдебиеті қызықтыратын көпшілік оқырманға арналады.

6. Әбіл, Е. Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. (Некоторые вопросы методологии и теории истории Казахстана) [Текст]: сборник статей / Е. Әбіл, Т. Әлібек, А. Күзембайұлы.- Костанай: ТОО "Центрум", 2009.- 370б.

Кітапка авторлардың Қазақстан тарихының теориялық мәселелері, әдіснамасы және оқыту әдістемесі жөніндегі әр жылдары жазылған мақалалары кірді. Арналуы бөлім қазақ тарихын насихаттау туралы газет-журнал беттерінде жарық көрген мақапалар топтамасына арналған. Қазақстан тарихнамасында алғаш рет жарық көрген тарих ғылымының әдіснамасына арналған тақырыптар болашақ тарихшы мамандарды дайындауда пайдасын тигізірі сөзсіз.

Данный сборник представляет собой опыт обобщения теоретико-методологичес­кого осмысления проблем исторического познания. В него вошли статьи, посвящен­ные теории исторического познания, методологии истории Казахстана. Особое мес­то занимают статьи конкретно-проблемного характера, в которых с различной степенью детализации затрагиваются аспекты теории исторической науки. Сбор­ник рекомендуется для студентов гуманитарных специальностей, магистрантов, ученых, а также всех, интересующихся проблемами истории как науки.

7. Әбсадықов, А. Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұралары [Мәтін] / А. Әбса-дықов, Н. Исина. - Қостанай: ҚМУ, 2003. - 144 б.: [20] б. фотоил.

Кітап көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, аудармашы А. Байтұр-сынұлының шығармашылығына арналған. Көпшілік оқырман қауымға ұсынылады.

Книга посвящена творчеству видного общественного деятеля, ученого, просве-тителя, поэта, переводчика А. Байтурсынова. Адресована широкому кругу читателей.

8. Байтұрсын, І. Алтын Бесік [Текст] = Золотая колыбель: кітап халық бірлігі және ұлттық тарих жылы басыл.шықты / І. Байтұрсын; ҚОӘА, ҚРА ҚКМО басқ.- Қостанай: Қостанай баспа үйі, 1998.- 240 б., [33]б.: фотосуретті.

Бұл кітап жұртшылықты халқымыздың аяулы перзенті, ұлтымыздың рухани көсемі болған, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің кейбір деректерімен таныстырады. Атап айтқанда, Ахаңның кіндік қаны тамған, шыр етіп дүниеге келген туған жері, оның қадір-қасиеті, Ахаңды үлкен өмірге әкелген бастаулар сөз болады. Ахаң шыққан ортаның мінезі, сыры шынайы баяндалады.

Ахаң өмірінің кейбір айқын зерттелінбеген, қалың көпшілікке беймәлімдеу тұстары, орыс тілді оқырмандардың сұрауы бойынша аударылып беріліп отыр.

Эта книга знакомит широкую общественность с до сих пор малоизвестными фактами и событиями из жизни великого сына казахского народа, духовно­го лидера, видного общественного и государствен­ного деятеля Ахмета Байтұрсынова. В ней речь пой­дет о его малой родине, суровой судьбе и истоках, приведших А. Байтурсынова к большой жизни. Повествуется о характере и быте той среды, из ко­торой вышел наш великий земляк.

Для того, чтобы было понятно всем читателям, некоторые пока неисследованные, поэтому неиз­вестные периоды биографии А. Байтурсынова даны в книге в русском переводе.

 9. Бектемісұлы, Н. Ахмет ұшқан алтын ұя [Текст] / Н. Бектемісұлы.- Астана: Елорда, 2001.- 128 б.

Торғай өңіріне есімі кеңінен танымал ақын, журналист, әдебиетші Назарбек Бектемісұлының “Ахмет ұшқан алтын ұя” атты кітабында Торғай өңірінде туып-өскен Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы. Құбаша Шалбайұлы, Әбіқай Нұртазаұлы, Күдері Жолдыбайұлы, Қашқынбай Қазұлы, Әбдірахман Иманқұл, Жүсіп Қияқбай, Шандыаяқ жоне Нұрхан, Ахметхан, Сот Есенбаев, Құтжан Қанжығалин, Ғапбас Тұралин сынды ақындардың шығармашылығына талдау жасалып, жыршылық дәстүрлері туралы ұтымды ойлары айшықты бедерленіп, көркем тілмен әңгімеленген. Зерделі зерттеуші Торғайдағы ақындық мектептің Ахмет Байтұрсынов шығармашы-лығына әсері жайлы өзіндік ой толғайды.

Кітаптың “шешендік шежіресінен” атты бөлімінде Шоқай Өтебас, Доспол Салы Мүсіреп секілді билер мен шешендердің тапқыр сөздері берілген.

Авторлардың шығармалары тарихи құндылық ретінде өзгертілмей беріліп отыр.

10. Бес арыс [Текст]: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар.- Алматы: Жалын, 1992. – 544 бет.

Жинаққа әдеби, ғылыми, публицистикалық мұралары ұзақ жылдардан кейін ғана жарық көруге жолдама алған Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931), Ахмет Байтұрсынов (1873-1938), Мағжап Жұмабаев (1893-1938), Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) және Міржақып Дулатов (1885-1935) өмірі мен творчествосы туралы жазылған тарихи очерктер, әдеби зерттеу мақалалар мен естелік-эсселер еніп отыр.

Жалпы оқырман қауымға арналған бұл кітап ғылыми, танымдық жағынан халыққа білім беру салаларының қызметкерлеріне, студенттер мен мектеп оқушыларына көмекші құрал да болады деп білеміз.

11. Жақсанов, О. Қайталанбас тұлғалар [Текст]: эсселер, портреттер / О. Жақса-нов.- Қарағанды: Шапақ, 2009.- 302 с.

 Елімізге танымал қаламгердің бұл жаңа жинағына негізінен ұлтымыздың мақтанышына айналған біртуар тұлғалар, көрнекті қайраткерлер, аса дарынды ақын- жазушылар, атақты ғалымдар, талантгы актерлердің ғибратты ғұмырлары, қазақ халқына сіңірген еңбектері арқау болған.

Бұл кітап жалпы зиялы да талғампаз қауымға арналған. Оның барша жұртшылыққа танымдық-тағылымдық жағынан берері мол.

 12. XX ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер [Текст] / ҚРБжҒМ, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ.- Алматы: Қазығұрт, 2013.- 640 б.

Кітапқа 1920-30 жылдары баспасөз бетінде жарияланған, мұрағат қорында сақталған әдеби тіл, емле, қазақ орфографиясы, терминология, казақ тілінің түрлі салалары бойынша, қазақ тілі мәселелеріне қатысты мақалалар енді. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы туралы мол ақпарат беретін жинақ қазақ тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген тіл мамандарына, филология факультеттерінің докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.

13. Жұмабек, С. Сын симфониясы: таңдамалы (әдеби толғаныстар, мақалалар) / С. Жұмабек.- Алматы: "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы, 2005.- 368 б.

 Белгілі сыншы Сайлаубек Естайұлы Жұмабектің есімі оқырман кауымға «Сын пернесі» (1989), «Ғабит Мүсірепов» (1989), «Жұлдызы нұрлы суреткер» (1993), «Жүрегі – мұң, жүрегі – жыр...» (1997), «Қазығұрт перзенті» (1998), «Сын әуені» (2001), «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер» (2002, екінші басылым), «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы» (2003) атты әралуан сын кітаптарымен, баспасөз беттерінде жарияланған көптеген мақалаларымен жақсы таныс.

Ол 1997 жылы «Заман – Қазақстан» еларалық газетінің ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына жариялаған халықаралық әдеби бәйгесінің бірінші сыйлығына ие болған.

Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сайлаубек Естайұлы Жұмабектің «Сын симфониясы» атты тандамалы кітабына автордың 1970-2005 жылдар аралығында баспасөз беттерінде жарық көрген, кезінде әдеби жұртшылық пен оқырмандардың назарын аударған, алайда, басым дені бұрынғы сын жинақтарына енбеген мақалаларының бір парасы топтастырылған.

Тандамалы кітап барша қауымға, студенттер мен мектеп мұғалімдеріне, әдебиетті сүйетін көпшілікке арналған.

 14. Иханбет, Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы музей-ұйі [Текст]: ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы тағылым үйінің қалыптасу тарихы: құрылымы, дамуы, жүйеленуі, зерттелуі / Р.С. Иханбет.- Алматы: Өнер, 2017.- 288б.: [32]б. фотосурет., суретті, деректі, құжатты.

Ғылыми жинақта Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жалпы ахуалы, келелі мәселелері, ғалым мұрасының зерттелуі мұрағат деректері негізінде баяндалған.

Жинаң танымдық-насихаттық мақсатта мектеп оқушылары мен мүғалімдеріне, ЖОО оқытушылары мен студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, жалпы ұлттық руханиятқа қызығатын көпшілік қауымға арналған.

15. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері [Текст]: ғылыми мақалалар жинағы: оқу құралы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 1993.- 144 б.

Ұлы Мұхтар Әуезовтің дарынды ізбасары академик Зәйнолла Қабдоловтың редакциясымен әзірленген бұл кітапқа енген мақалаларда Қеңес дәуірі деп аталатын кезеңдегі әдебиетіміздің тарихы мен теориясы, тіпті осы жетпіс жылдан астам уақыт беделіндегі эстетикалық танымдарымыз қайта қаралып, қайта таразыланады. Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев т. с. с. классиктеріміздің шығармашылықтары жаңа қырынан зерттеліп, бағаланады.

Қітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, аспиранттарға, әдебиетті сүйетін көпшілік оқырманға арналады.

16. Құл-Мұхаммед, М. "Алаш" бағдарламасы: қиянат пен ақиқат [Текст] = Программа "Алаш": фальсификация и действительность / М. Құл-Мұхаммед; ҚМЗА; МҚИ.- Алматы: Атамура, 2000.- 240 б.

Сенатор, заңғылымдарының докторы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің бұл еңбегіңде «Алаш» партиясының саяси-құкықтық идеялары Қазақстанда мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарын құру тұжырымдамасының түпнұсқасы, аударма нұсқалары салыстыра қарастырылған.

Монографияда, соңдай-ақ, «Алаш» партиясының капыптасу кезеңдері, қазақ халкы ұлт-азаттық қозғалысының басшылары жасаған бағдарламаның бағалы қағидалары, атап айтқаңда, мемлекеттік өкімет билігінің беліну принципі.жалпыға бірдей, демократиялық сайлау жұйесі сияқты мәселелер егжей-тегжейлі талданған.

Кітап жоғары оқу орыңдарының студенттеріне, құкық танушылар мен тарихшыларға арналады.

В этом труде сенатора, доктора юридических наук Мухтара Кул-Мухаммеда рассмат­риваются политико-правовые идеи партии «Алаш», оригинал ее концепции по организа­ции органов высшей государственной власти в Казахстане и сравнительные варианты ее переводов.

В монографии подробно разбираются этапы становления партии «Алаш», ценные по­ложения программы, составленной руководителями национально-освободительного дви­жения казахского народа, в частности, принципы разделения государственной власти, вопросы всеобщей демократической избирательной системы.

Книга предназначена для студентов высших учебных заведений, правоведов и исто­риков.

17. Мамажанов, М. Асыл мұра [Текст]: кітап-даналық қазынасы / М. Мама-жанов.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 128 б.

Басқа түркі тілдес халықтар сияқты қазақ халқының да жазу-сызуы мен кітап әлемінің тарихы сонау қадым замандардан бастау алып арна тартады. Республикалық кітап музейіне қойылған мұрағаттар осыны сипаттайды, онда арғы-бергі замандардағы кітап тарихының қыруар сырлары алдыңызға жайып салынған.

Негізінен музей қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып жазылған бұл кітап өз халқының рухани мұрасын қастерлеп, білуді мұрат еткен әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азаматтың кәдесіне жарары хақ.

Қітап көпшілік оқырмандарға арналған.

18. Нұрғали, Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры [Текст]: зерттеу / Р. Нұрғали.- Астана: Култегін, 2002.- 527б.: [1] б.суретті.

ҚРҰҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекетгік сыйлықтың лауреаты, ғылымға еңбегі сінген қайраткер, жоғары мектептің үздік кызметкері, филология ғылымдарының докторы. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті казақ және шетел әдебиеті кафедрасының менгерушісі, профессор Рымғали Нұрғалидын бүл кітабында XX ғасырдағы казак әдебиетінін Ахмет, Әлихан, Мағжан, Міржакып, Мұхтар, Сәкен, Ілияс, Сәбит, Ғабит сынды алып тұлғаларынын шығармашылык тағдыры ұлттык рухтың бейнелену деңгейі тұрғысынан жанаша зерттелген.

19. Оспанұлы, С. Публицистика [Текст]: оқулық / С. Оспанұлы.- Алматы: Саға, 2001.- 153б.

Филология ғылымдарынын кандидаты, доцент Серікбай Оспанұлының бұл кіта-бында журналистиканың бүгінгі бағыт-бағдары, болашағы, негіздері мен бастаулары, кіріспесі, тарихы, бүқаралық ақпарат құралдарының коғамдағы атқаратын рөлі айтыла-ды. Сондай-ақ майталман публицистердің шеберлік қырлары, тіл, стиль мәселелер де сөз болады.

Еңбек журналистика, филология факультеттерінің студенттеріне арналған.

20. Сағадиев, К. Менің замандастарым [Текст] / К. Сағадиев.- Алматы: Раритет, 2021.- 432 б.

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің (1938-2020) есімі қалың жұртшылыққа жақсы таныс. Ол – елдің бір де бол-са, бірегей перзенті, ердің ері. Кешегі ауыл баласы, университеттің ассистентінен Ұлттық академиясының толық мүшесі, одан қалды кемеңгер Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ізбасары дәрежесіне дейін жеткен, бес жоғары оқу орнын басқарды. Жиырма бірінші ғасырда тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болды.

Автор әдебиетші мен тарихшы болмаса да, қазақ халқының біртуар азаматтарының көркем портреттерін асыл сөзбен жаза білді. Жинаққа енген мақалалары мен баяндамаларының ойы орамды, тілі жеңіл.

Кітап оқырмандарын бейжай қалдыра қоймас деп сенеміз.

21. Сәрсекеев, Қ. Ұлт ұстазы немесі Алаштың Ахметі - Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін [Текст] / Қ. Сәрсекеев.- Алматы: GAUHAR, 2003.- 79 б.

Оқушылар назарына ұсынылын отырған бұл басылымда ұлтымыздың ұстазы танылған Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, ол өскен орта жайлы әңгіме болады. Халықаралык Алаш сыйлығының лауреаты, жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің бұл мақаласы “Егемен Қазақстан’’ газетінің № 285 санында (30 қазан 2003 ж.) жарық көрді. Жұртшылық жылы қабылдаған толтанысқа толы бұл материалдың толык, нұсқасын енді қалың көпшіліктің сұрауымен жеке кітапша етіп шығарып отырмыз.

22. Сыздыкова, Р. Ахмет Байтұрсынов [Мәтін] / Р. Сыздыкова. - Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1990. - 52 б.

Бұл кіапшада XX ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің тұңғыш оқулықтарын жазып, графикасын реттеуші, сол арқылы қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, ірі мәдениет және қоғам қайраткері, тамаша публицист әрі ақын Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен қызмет жолы, білім-ғылымдағы еңбегі мен азаматтық бейнесі сөз болады. Мұнда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы мен әлеуметтік қызметі жөніндегі бірсыпыра материалдар және оларды талдап-таныту тұңғыш рет ұсынылып отыр.

 23. Тәжібаев, Ә. Есімдегілер [Текст]: естеліктер, эсселер / Ә. Тәжібаев.- Алматы: Жазушы, 1993.- 400 б.

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлы-ғының лауреаты Әбділда Тәжібаевтың жана кітабына автордың өз замандастары жайлы естеліктері еніп отыр. Қазақ әдебиеті мен өнері өкілдері – Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Күләіп Байсейітова, Шахмет Құсайынов және көп жыл жолдастықпен, қызмет бабымен аралас болған қоғам қайраткерлері туралы ақын көргендері мен көңілге түйгендерін баяндап, уақыт жайында философиялық ойлар өрбітеді.

24. Тіл және руханият: өзекті мәселелер [Текст]: халық конф. матер.- Астана, 2010.- 560 б.

Бұл жинаққа Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Президенттігіне үміткердің мемлекеттік тілді еркін білуін анықтайтын Лингвистикалық комиссияның, Мемлекеттік терми­нология және ономастика комиссияларының мүшесі болған академик Р. Нұрғалидың туғанына жетпіс жыл толуына орай өткізілген «Рымғали Нұрғали мұрасы және қазіргі әдебиет пен тіл ғылымының көкейтесті мәселелері» атты халықаралык ғылыми-теориялық конференцияның материалдары топтастырылған.

25. Тілешев, Е. Суреткер және көркемдік әдіс / Е. Тілешев.- Алматы: Арқас, 2005.- 276 б.

 Кітапка “Суреткер және көркемдік әдіс” монографиясы және ғылыми зерттеу мақалалар жинакталған. Монографияда Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы романтизм, ағартушылык реализм, сентиментализм, символизм көркемдік әдістері және ақынның шығармашылык эволюциясы сөз етіледі. Келесі бөлімде Абайдын әдеби мектебінің, А.Байтұрсынов, Қ.Кемеңгерұлы, М.Макатаев шығармашылығының кейбір қырлары, сондай-ақ, дәстүр мен жаңашылдық, әдебиет тарихын дәуірлеу проблемалары карас- тырылады.

Бұл еңбек әдебиетшілерге, студенттерге және әдебиет сүйер көпшілік кауымға арналған.