«Ахмет Әлемі – Мир Ахмета» интерактивті порталы
Қазақша

Хронология

1872

5 қыркүйек

Қазіргі Қостанай облысының Торғай өңірі Сарытүбек ауылында туған.

1882-1884

Ауыл мектебінде оқу.

1885-1891

Торғай екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқу.

1895

Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

1895-1909

Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарған.

1909

Патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылды.

1910

Дала өлкесінен тыс жерлерге жер аударылды.

1912

Орынборда өзінің жаңа әліпби негізінде жасалған оқу құралын шығарды.

1913

Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

1918-1919

Алаш-Орда қатарында болды. Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

1922-1925

Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

1925-1929

Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы қызметін атқарды.

1929

2 маусым

Қамауға алынып, өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.

1934

Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің жұбайы) өтініші бойынша қуғыннан босатылып, әйелі Бадрисафамен бірге Алматыға оралды.

1937

8 тамыз

Тағы да қамауға алынған.

1937

8 желтоқсан

"Халық жауы" есебінде атылды.